Қазақстанның жас әншісі халықаралық байқаудың гран-приін жеңіп алды
Жас әнші Шерхан Арыстан қазылар алқасының ең жоғары ұпайы – 70 балл жинады.
Беларусь Республикасының Витебск қаласында XXI халықаралық балалар музыкалық "Витебск" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Belta.by басылымы жазды.
Фото: Belta.by
"Жас әнші фестивальдің қазылар алқасының ең жоғары ұпайын жинады. Байқаудың бірінші күні ол Андреа Бочелли, Дэвид Фостер және Эми Фостердің Ama, Credi e Vai композициясын орындағаны үшін 70 ұпай алды. Екінші күні де 70 ұпай жинады", – деп жазды басылым.
Басылым Қазақстаннан барған жас әнші қазылар алқасын мықты вокалымен тәнті еткенін жазды. Шерхан Арыстан танымал эстрада әншісі болып, оны Қазақстанда бәрі танығанын армандайтынын айтты.