Қазақстанның солтүстігінде 33 градусқа дейін аяз болады
Оңтүстік Қазақстанда күн 13 градусқа дейін суытады."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 5-6 желтоқсанда оңтүстік белдеуден басқа Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, одан кейін аяз болады.
Кезеңнің ортасында республиканың солтүстігінде қалың қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 7 желтоқсанда күтілетін аяз Қазақстанға солтүстік-батыстан келетін суық антициклонмен байланысты болады.
Түнде ауа температурасы орталықта және шығыста 10–18 градус аралығында, солтүстік-батыста және солтүстікте 25–33 градус аралығында, оңтүстікте 5–13 граус аралығында төмендейді.
"Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? Жолаушыға арналған кеңестер