"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, оңтүстікте түнде ауа температурасы -5...+5°С дейін көтеріледі.

"Батыс бөлігін қоспағанда, Қазақстанның барлық аймағынжда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Сондай-ақ, тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі", – деп жазылған хабарламада.

Батыс Қазақстанда түнде ауа температурасы -20...-30°С дейін төмендейді. Республиканың солтүстік жартысында түнгі аяз -7...-18°, оңтүстік-шығыста 0...-10°С дейін әлсіреді.


Оқи отырыңыз: Астана көшелерінде көктайғақ салдарынан 171 адам зардап шекті