"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы төмендейді деп болжап отыр.

19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Одан кейін солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар аумаққа батыстан шығысқа қарай жылжиды, соның ықпалымен жауын-шашын  болып, жел күшейеді.

Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде ғана ашық ауа райы сақталады.


Оқи отырыңыз: Қызыр қамшысы, бесқонақ, бөрісырғақ. Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған?


Ауа температурасы түнде республиканың басым бөлігінде 2 градус суық, 10 градус жылы болады. Күндіз еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп 10-15 градусқа дейін көтеріледі..