Қазақстандықтардың жеке деректерін таратқаны үшін айыппұл мөлшерi үш есе өсуі мүмкін
Бүгінде мұндай айыппұл көлемі 10 –1000 айлық есепкіш көрсеткіш.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін жария еткені үшін жауапкершілікті күшейту жоспарлануда.
"Бiз жеке деректердің таралып кету қаупін барынша азайтуды ескере отырып, азаматтардың жеке деректерінің таралып кетуі бойынша жауапкершілікті күшейту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жеке деректер тараған кезде азаматтарды бұл туралы "Электрондық үкімет" порталы және 1414 смс-хабарлама арқылы хабардар ету көзделуде", – деді Руслан Әбдіқалықов.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске мынадай өзгерістер енгізіледі:
- дербес деректерді қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін ұлғайту – құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір жылға дейін;
- субъектінің санатын, құқық бұзушылық түрін және жасалған қылмыстың қайталануын ескере отырып, айыппұлдардың мөлшерін үш есеге арттыру.
Оқи отырыңыз: Kundelik.kz мұғалімдерді қағазбастылықтан арылтты ма? Жоба жетекшісі Мұхтар Ілиясовпен сұхбат.
Бүгінгі таңда жеке деректерді таратқаны үшін айыппұл мөлшері 10-нан 1000 АЕК-ке дейін (Әкімшілік кодекстің 79-бабы).