Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша 13 жылдық рекордты жаңартты
Қазақстандықтар арасында жылқы етінен бөлек сиыр етіне сұраныс жоғары.Қазақстандықтар 2023 жылы жылқы етін тұтыну бойынша 13 жылдық рекордты жаңартты, деп хабарлайды ҚР Бірінші несиелік бюросының деректер хабы.
2023 жылдың соңғы үш айында Қазақстанда жылқы етін жан басына шаққандағы орташа тұтыну 1,97 кг құрады, бұл – 2011 жылдың басынан бері кез келген тоқсандағы қолда бар статистиканың барлық кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш.
2022 жылдың төртінші тоқсанында бұл көрсеткіш 5%-ға өсті. Мысалы, он жыл бұрын қазан-желтоқсан айлары аралығында жылқы етін тұтыну бірден 81%-ға өскен. Соңғы жылдары жылқы етін тұтыну өсу тенденциясын көрсетті.
Оқи отырыңыз: Қазақтың "Адай" жылқысының қасиеті заңды түрде бекітілді
Өткен тоқсанда статистикада көрсетілген еттің барлық түрлерінің ішінде жылқы етін тұтыну сиыр етін тұтынудан ғана артта қалды. Қазақстандықтар орташа есеппен 6,61 келі сиыр етін жеді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7% артық және 2015 жылдың төртінші тоқсанындағы рекордтық көрсеткіштен 6,68 келіге сәл ғана аз.