Қазақстандықтар көбінесе не себепті ажырасады?
Негізгі себептердің қатарында тұрмыстық зорлық-зомбылық бар.Қазақстандық жұптардың ажырасуының негізгі себептерін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атады.
"Ұлттық баяндамаға сәйкес, Қазақстандағы отбасылардың 95,4%-ы отбасылық қарым-қатынасты сақтайды және қанағаттанады.Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда некелер саны 5,9%-ға, ал ажырасулар саны 5,3%-ға азайған", – деді Аида Балаева Сенатта өткен жиында.
Ол атап өткендей, ажырасудың негізгі себептерінің бірі:
- ерлі-зайыптылардың біреуінің маскүнем, нашақор болуы;
- тұрмыстық зорлық-зомбылық;
- опасыздық;
- құмар ойындарға тәуелділік;
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
Көптеген қазақстандық балалы болу мүмкін болмағандықтан ажырасып жатыр. Министрдің айтуынша, әрбір алтыншы отбасы осындай жағдайға тап болады.