Қазақстанда баспана бағасы тұрақтанып келеді. Бұл туралы Қазақстан риэлторларының біріккен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко мәлімдеді.

"Мәмілелер санының азаюына байланысты бағаның тұрақтануы сөзсіз. Айта кету керек, сатушы сатып алушымен объектінің құны туралы келіссөздер жүргізуге дайын болған жағдайда мәмілеге келеді. Бұл әр шаршы метр бағасының ай сайын өсуінен анық көрінеді", – деді Нина Лукьяненко ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Сарапшының айтуынша, жыл басынан бері баға ай сайын 2,1-5,5 пайызға өсіп отырса, мамыр-маусым айларындағы баға тұрғын үйдің жаңа немесе ескі болуына байланысты 0,4 пайыздан 1,7% пайызға дейін өскен.

"Егер ай сайынғы инфляция деңгейін ескеретін болсақ, жылжымайтын мүлік бағасы төмендей бастады деп қорытынды жасауға болады", – деп атап өтті сарапшы.


Оқи отырыңыз:

Әкімдіктен – 5 пайыздық ипотека. Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына шолу

Жезқазған, Семей, Қапшағайда тұрғын үй бағасы екі есеге жуық қымбаттады

5 пайыздық жаңа ипотека: тұрғын үй бағасы тағы қымбаттай ма?