Қазақстанда зейнетақысын баспанаға немесе емге жұмсай алатындардың саны 785 мыңға жетті
Елімізде зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін баспана алуға немесе емделуге жұмсай алатын азаматтардың саны 785 мыңға жеткен.Олардың қатарына жинақтағы ақшасы шекті мөлшерден асқан 258 мың отандасымыз кіреді. Сондай-ақ, жинағының 50 пайызын алуға мүмкіндігі бар зейнеткерлер мен аннуитеттік сақтандыру жасаған салымшылар бар, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қаңтар-наурыз аралығында 49 мыңға жуық азамат жинағын алуға өтініш білдірген. Оларға тиесілі сома 50 миллиард теңгеден асады.
Айта кетсек, зейнетақы қорындағы межелі сомадан асқан қараждатын үй алуға немесе ем-домға пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарлама 2021 жылы іске қосылған еді. Бағдарламаның алғашқы жылы 31-45 жас аралығындағы азаматтар өте көп өтініш берген. Ал, былтырдан бастап 61-63 жастағы салымшылар зейнетақы қорындағы ақшаны белсенді түрде алып жатыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қандай?