55 түрлі нысан қызыл судың құрсауында қалған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Осы уақытқа дейін 98 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың 33 мыңы – бала. Ал уақытша орналастыру пункттерінде 7 мың адам бар.

Қазір Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына тасқынмен күреске 30 мың адам мен 3 мың техника жұмылдырылған. Қауіп сейілмеген аймақтарда тұрғындарды эвакуациялау, жағалауды нығайту, бөгет орнату сияқты жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: СҚО-дағы су тасқыны: Роман Скляр Петропавл қаласында ауыз су сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды