Қазақстанда Ресейдің бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасы тіркеуден өтті
Оның тиімділігі екпені алған соң 28 күннен кейін 79 пайызды құрайды.Қазақстанда ресейлік бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасы тіркелді. Алайда оның қашан жеткізілетіні белгісіз, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қазір денсаулық сақтау министрлігі екпенің бұл түрін Қазақстанға алып келу бойынша келісімшарт жүргізіп жатыр. Осылайша, бізде қолдану үшін мақұлданған вакциналардың саны беске жетпек. Бұған дейін QazVac, "Спутник V", Hayat-Vax және СоronaVac препараттары тіркелген болатын.
Министрлік өкілдері екпенің бұл түрінің жанама әсерлері аса байқалмайтынын айтады. "Спутник лайт" коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған бір компонентті вакцина. Бұл Спутник V екпесінің алғашқы компоненті болып табылады. Оның тиімділігі екпені алған соң 28 күннен кейін 79 пайызды құрайды. Ресейдің тікелей инвестициялар қорының мәлімдеуінше, "Спутник лайттың" тиімділігі екі инъекцияны қажет ететін көптеген вакциналардың нәтижелерінен шамамен 80 пайызға жоғары деп көрсетілген.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: