Құтқарушылар төтенше жағдай орнына барлығы 2224 рет шықты. 284 адам, оның ішінде 55 бала құтқарылды. 201 адам, оның ішінде 40 бала эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Елімізде бір апта ішінде 278 өрт, 1302 жану, 431 басқа тосын оқиғалар болды", деп жазылған баспасөз хабарламасында.

112 құтқару қызметіне 154 146 қоңырау келіп түсті және 134 дауылды ескерту жіберілді.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстан 2050 жылға қарай "суға өте мұқтаж" елдердің санатына кіруі мүмкін.