Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта бірде-бір өңір қалмады
Соңғы тәулікте 13 523 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.2022 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес:
- "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары;
- "Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
- "Жасыл" аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 523 жағдай тіркелді. Республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 049 908-ге жетті.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда 20-40 жастағылар арасында коронавирус жұқтыру 16,4% артты
- Алматының бас санитары: Коронавирустың таралуы шарықтау шегіне наурызда жетеді