Қазақстанда қажылыққа қаржы жинауға болатын қосымша іске қосылды
Ол арқылы адамдар шот ашып, қаржы жинаса, демеушілер өзге адамдардың қажылық парызын өтеуіне көмектесе алады.Алматыда Qazaq travel компаниясының 10 жылдығы аясында жаңадан іске қосылған Zhinaq.kz жобасы таныстырылды. Бұл қосымша арқылы қажылыққа баруға шамасы жетпейтін қазақстандықтар енді сайт арқылы жеке шот ашып, ай сайын алдын ала қаржы жинай алады. Бұдан бөлек, қажылыққа шамасы жетпейтіндерге көмектесем дейтін кәсіпкерлер мен өзгелер де осы қосымшаны пайдалана алады.
Компания басшылығының айтуынша, бұл әлемде бар тәжірибе. Оны жүзеге асыру арқылы қасиетті мекенге барушылардың қатары еселене түспек.
Шара аясында компания өкілдері көпшілік алдында есеп беріп, өзге де өнімдерімен таныстырды. Сондай-ақ, компания қызметкерлері мен серіктестерге сыйлықтар табысталып, келушілер арасында үлкен қажылыққа 3 жолдама ойнатылды.
Компания қажылыққа қаржысы жетпейтін түрлі санаттағы адамдарға тегін жолдама береді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұсынатын тізім бойынша жылына кем дегенде 10 адамды үлкен қажылыққа жібереді. Бұл игілікті іс әрі қарай жалғасады, деп сендіріп отыр компания басшылығы.
Айта кетейік, Qazaq travel туристік компаниясы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сенімді серіктестерінің және туристер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін корпоративтік қор туроператорларының тізіміне енген. Бүгінде компанияның жылына қажылық маусымында шамамен 5 мыңдай адамға қызмет көрсете алатын мүмкіндікке ие.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев ұмра қажылығын өтеді