2022 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда тіркелген автокөліктердің саны 4 377 700-ден асты, деп хабарлады ҚР Стартегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

Автомобильдердің басым бөлігін жеңіл көліктер құрайды, олардың үлесі 87,7 пайыз. Ал жүк көліктері 10,4 пайызды құраса, автобустар үлесі бар болғаны 1,9 пайыз.

Қазақстандағы 3 630 900-ден астам көлік жеке тұлғалардың атына рәсімделген. Олардың ең көп үлесі Алматы облысы (465,7 мың бірлік), Алматы қаласы (460,3 мың бірлік) және Шығыс Қазақстан облысының (275,9 мың бірлік) жеке тұлғаларына тиесілі.

"20 жылдан аса шығарылған жеңіл автомобильдер Алматы облысының (317,6 мың бірлік), Алматы қаласының (194 мың бірлік) және Қарағанды облысының (156,4 мың бірлік) жеке тұлғаларында басым. Шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын жеңіл автомобильдер Алматы (50 мың бірлік) мен Астана қалаларының (46,7 мың бірлік) және Қарағанды облысының (18,8 мың бірлік) жеке тұлғаларының меншігінде" делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.


Оқи отырыңыз: