Қазақстанда доллар күрт қымбаттап жатыр
Ұлттық банктің 24 маусымдағы ресми бағамы долларға 464,72 теңге болды.Астана мен Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 462-467 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 24 маусым ресми бағамы – 1 долларға 464,72 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,40 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462–467 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 464,5-467,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,25 аралығында саудаланып жатыр.