Қазақстанда доллар бағамы төмендеді
Доллар бағамы 2 теңгеге жуық төмендеді.Қазақстан қор биржасындағы сауданың қорытындысы бойынша, 13 желтоқсанда доллар бағамы 456,52 теңге болды.
Бір тәулікте доллар 1,97 теңгеге, бір айда 9,34 теңгеге арзандады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 458,5-459 теңгеден сатып алынып, 461 теңгеден сатылуда.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің бағасы барреліне 76,5 долларды құрайды.
Оқи отырыңыз: Экономист Мақсат Халық: Теңгенің нығаюы – уақытша құбылыс