Қазақстан қор биржасындағы 5 желтоқсандағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 461,05 теңге болды.

Бір тәулікте доллар 0,33 теңгеге, бір айда 1,55 теңгеге арзандады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 460,5 теңгеден сатып алынып, 462,9 теңгеден сатылуда.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің бағасы барреліне 78,9 долларды құрайды.


Оқи отырыңыз: Ең оптимист аймақ – Атырау облысы. Қазақстан халқының экономика дамуына көзқарасы қандай?