Қазақстанда 4 700-ге жуық азаматтың жеке құжаты жоқ
Әліге дейін Кеңес Одағының паспортымен жүрген 1 800 адам бар.Республикада 4 700-ге жуық азаматтың жеке басын куәландыратын құжаты жоқ болып шықты. Көші-қон комитетінің мәліметінше, олардың басым бөлігі Алматы, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ал Қазақстанда қытай азаматтығымен жүргендердің 99 пайызы этникалық қазақтар екен. Құқықтық мәртебесі реттелмеген тұлғаларды құжаттандыру науқаны өткен жылдың қазан айында басталған. Содан бері үш мыңнан астам адамның құжаты берілген. Оның ішінде 1974 жылғы кеңес одағының қызыл паспортымен жүрген 1 800-ге жуық азамат бар.
"Елге келген әрбір шетел азаматы қатаң бақылауда. Әсіресе, көршілес елдерден келген азаматтар. Ал нақты Қытай азаматтарын алатын болсақ, олардың 99 пайызы – біздің қандастарымыз, яғни этникалық қазақтар", – дейді ІІМ көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: