Қазақстан даму банкінің басшысы Абай Сарқұлов қызметтен босатылды
ҚДБ басшысы міндетін уақытша Сандуғаш Кенжебаева атқарады."Бәйтерек" ҰБХ" АҚ шешімімен Абай Сарқұловтың "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. ҚДБ басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін банк басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева тағайындалды.
Абай Сарқұлов ҚДБ басшысы қызметін 2019 жылғы сәуірден бастап атқарды.
Оқи отырыңыз:
- Токаев: Банк развития Казахстана превратился в личный банк для узкого круга лиц
- Саурықтағы сауықты "оптика" қалай байытты?