ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін сағат 13:00-де ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысатынын мәлімдеді.

"Жиын Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылды. Сессияның отырысы "Хабар 24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі", – деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Еске сала кестек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенде ҰҚШҰ елдерінің көшбасшыларымен видеоконференция өткізуді ұсынған болатын. Кремль баспасөз қызметі қазіргі кезеңде ҰҚШҰ мүшелерімен бірлескен әңгіме қажет екенін хабарлады. Ресей ҰҚШҰ елдері басшыларының видеоконференциясы 10 қаңтарға жоспарланғанын растады. РИА Новости мәліметінше, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Қазақстандағы жағдай мен оны тұрақтандыру іс-шаралары талқыланады.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдерінің бітімгерлері жауынгерлік іс-қимылдарға қатыспайды, содырлардың көзін жоюмен айналыспайды. Олар қорғау және күзет қызметін орындайды.