Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді
Қазақстан Премьер-министрі қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады.Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді, деп хабарлады Ақорда сайты.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес Үкіметтің орнынан түсуі туралы қаулы етті.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктеледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастырады.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.