Қасым-Жомарт Тоқаев шешімді өзі қабылдайды – Берік Уәли
Мемлекет басшысы үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазады.ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қайғылы күндерде дербес шешім қабылдап жатқанын мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер жарияланып жатыр. Осыған байланысты мынадай мәлімдеме жасау керек деп санаймын: Қасым-Жомарт Тоқаев – мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды", – деді Берік Уәли.
Оның сөзінше, Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырлардың Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндері де осылай болған.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арналған өзінің үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды", – деп түсіндірді Берік Уәли.