"Қайсарлығы үшін": Семей орманы өртінде табанды болған мамандар марапатталды
Министрліктің және ведомстволық бағынышты ұйымдардың мамандарына "Су шаруашылығының үздігі" төсбелгісі тағылып, министрліктің Құрмет грамотасы берілді.Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында болған өртте табандылық көрсеткен қызметкерлерді төтенше жағдайлар министрлігінің "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапаттады.
Мына азаматтар марапатталды:
- "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы Советов Қанат Талғатұлы;
- "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты Батпаев орман шаруашылығының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Дүйсехан Еділ Қайратұлы;
- "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты Бегенев филиалының тракторисі Мухамеджанов Мұрат Жолдасбайұлы.
Оған қоса жоғары кәсіби қабілеті және су шаруашылығын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін министрліктің және ведомстволық бағынышты ұйымдардың үздік мамандарына "Су шаруашылығының үздігі" төсбелгісі тағылып, министрліктің Құрмет грамотасы берілді.