Сот шешімімен Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі. 

"2022 жылдың 8 шілдесінде астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға созды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Сатыбалдыұлы мен Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды


Қайрат Боранбаев наурыз айынан бері қамауда отыр. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді.