Кандидат Мейрам Қажыкен дауыс беруге отбасымен бірге келді
Кандидаттар ішінде бірінші болып Жигули Дайрабаев дауыс берді."Аманат" Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Мейрам Қажыкен сайлауда дауыс берді.
Ол – сайлауда соңғы болып дауыс берген кандидат.
"Халық пен мемлекет өзгерістерді күтіп отыр. Олар бізге керек. Жаңа президент кім болса да, ол өзгерістен бастауы керек. Өйткені, уақыт жоқ. Келер жылы нақты шешімдер қабылдануы тиіс. Президент өз сөзінде тұруы керек", – деді Мейрам Қажыкен.