Елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында бизнес нысандарына келтірілген зиян 88,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлады “Атамекет” ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

 

8 қаңтардағы таңғы сағат 09.00-дегі мәліметтерге сәйкес, call-орталыққа 1622 қоңырау түскен. Оның 937-сі тонауға, 23-і форс-мажорға, екеуі блокпостарға қатысты. Жеке тұлғалардан 650 қоңырау болған.

 

Еліміздің 10 өңірі бойынша 1091 нысанда орналасқан бизнес субъектілердің шамамен 920-сы зардап шеккен. Олардың ішінде 856-сы Алматыда орналасқан.

 

Алдын ала есептеулерге сәйкес, бизнес субъектілердің жалпы шығыны 88,1 млрд теңгені құрайды. Оның 86,8 млрд теңгесі – Алматы кәсіпкерлеріне келген шығын.