Израиль әскері Иранға шабуыл жасауға дайындалып жатыр
Тұрғындарға шабуылдан қорғанатын жерлерге жасырыну керектігі ескертілді.Израиль әскері Иранға шабуыл жасауға дайындалып жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Израильдің қорғаныс министрі "біз қарап қалмай, жауап ретінде қарсы тарапқа жойқын соққы береміз" деп отыр.
Йоав Галанттың бұлай мәлімдеме жасауына Иранның Израильға зымырандарды жіберуі себеп. Бірақ одан ешкім зардап шекпеген. Себебі, Израиль аумағында әуеден қауіп төнетінін ескертетін дабыл қағылған екен.
Тұрғындарға шабуылдан қорғанатын жерлерге жасырыну керектігі де алдын ала ескертіліпті.
Тегеран билігі Израильге қарсы жасалған шабуылды палестиналық ХАМАС радикал тобы мен Ливанда орналасқан "Хезболла" жетекшілерінің қазасы үшін кек қайтару деп атаған болатын.