Юлия Путинцева: Командамыз үлкен белестерді бағындыруға дайын
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы "Билли Джин Кинг кубогы" командалық әлем чемпионатының іріктеу матчтарына белсенді дайындалып жатыр.
Зарина Дияс өзінің ұлттық құрама сапындағы қызықты естелігін бөлісті.
"Мен ұлттық құрамадағы алғашқы ойынымды он бес жасымда өткіздім. Бұл дәл осы Аустралияда, Перт қаласында болды. Мен жұпта ойнадым, біз 6:0, 6:0 есебімен ұттық. Жалпы, мен Аустралияда бірнеше рет ойнадым – жеке турнирлер де, ұлттық құраманың сапындағы матчтар да болды. Маған мұнда ұнайды, жалпы атмосфера жақсы", – деді спортшы.
Юлия Путинцева Ұлттық құрамадағы матчтардың ол үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
"Ұлттық құрамада ойнау әрқашан жауапкершілікті талап етеді. Мен 100% беріліп жұмыс жасаймын. Мүмкін, құпия осыда шығар. Командадағы атмосфера әрқашан шабыттандырады. Біз әрбір қарсыласқа байыпты дайындалып жатырмыз. Керемет команда бар және біз көп жетістікке қол жеткізе алатынымызға сенемін", – деді Юлия Путинцева.
Оқи отырыңыз: Теннистен Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындығын бастады
Қазақстандық телекөрермендер үшін матчтарды Sport+Kazakhstan телеарнасы тікелей эфирде көрсететінін атап өтеміз. Аустралияға қарсы алғашқы ойын 10 сәуір күні сағат 7:00-де басталады. Колумбия құрамасымен матч 11 сәуірде Қазақстан уақыты бойынша сағат 07:00-де өтеді.
Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!