Бас прокуратураның баспасөз қызметі Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатпағанын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке қатысты оның "Астана LRT" ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқаны туралы хабарлама таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды" деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.

Бас прокуратура азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.


Оқи отырыңыз: