ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Оған сәйкес, алдағы уақытта қазақстандық автомектептер жүргізуші куәлігін беру үшін адамдарды онлайн және қашықтан оқыта алмайды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасынан белгілі болды.

"Оқыту сапасын арттыру мақсатында онлайн және қашықтықтан оқыту нысандары жойылады" деп жазылған құжат жобасында. 


Оқи отырыңыз: 


Еске салайық, Қазақстанда 2016 жылдан бері жүргізушілерді даярлау тәртібі бірнеше мәрте жеңілдетілген болатын. Онлайн және қашықтан оқу тәртібі енгізіліп, автомектепте міндетті түрде оқу талабы алынып тасталды. 

Жоспарлы жаңа өзгерістерге сәйкес, офлайн оқыту теориялық, практикалық сабақтардан құралады. Әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтындай жоспарланады.

Бір күн ішінде автомобиль жүргізуді үйренушінің біреуіне:

  • автотренажерде кемінде бір сағат;
  • оқу автомобилінде "лекте жүру" жаттығуын, сондай-ақ төрт сағат ішінде пысықталатын, жүк тасымалдаумен байланысты жаттығуларды қоспағанда, кемінде екі сағат пысықтап үйретуге рұқсат етіледі.

Құжат жобасы 24 наурызға дейін жария талқыға ұсынылған.