ИИДМ "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасын ұзартуды ұсынды
"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека 7% мөлшерлемемен беріледі.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев "7-20-25" бағдарламасын ұзартуды ұсынды. Айтуынша, бүгінде қос тарап банк пен халық бағдарламаның жалғасын қолдап отыр.
"7-20-25" бағдарламасының аяқталуына аз уақыт қалды. Алайда банк пен халық аталған бағдарламаның жалғасын күтіп отыр. Біз де өз кезегімізде ұлттық банкке ұсыныстарымызды жолдап жатырмыз. Әзірге қандай шешім қабылданатыны белгісіз", – деді Қайырбек Өскенбаев.
Оқи отырыңыз:
- Ең төмен пайыз, ең ұзақ мерзімдер: мемлекеттік ипотекалардың толық тізімі
- Қазақстан баспана қолжетімділігі бойынша 44-орында
"7-20-25" бағдарламасы бойынша үй сатып алу үшін өтініш берушінің атында баспана болмауы тиіс. Алғашқы жарна кемінде – 20%, ал несие мөлшерлемесі – 7%. Ипотека 25 жылға дейін беріледі.
Жуырда аталған бағдарламаға бөлген 1 трлн теңгені игеру мерзімі аяқталатындықтан, бағдарлама жоспарға сәйкес тоқтайды.