Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрамындағы "Халықаралық экономика және қаржы академиясы" АҚ-н сыйға тарту шарты негізінде ҚР Қаржы мониторингі жөніндегі агенттік құрамына беру жоспарланып отыр.

Академия базасында қаржылық қылмыстар мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүргізетін мамандар даярланбақ. Бұл мемлекет басшысының "2022-2026 жылдарға арналған қаржы мониторингін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы" жарлығын орындау аясында жасалып отыр.

Академияны жеке меншіктен мемлекет меншігіне беру сыйға тарту шарты аясында жүзеге асырылатындықтан, мемлекеттік бюджеттен шығын болмайды.


Оқи отырыңыз: 


Халықаралық экономика және қаржы академиясында қаржылық қылмыстар мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша алдағы төрт жылда 900 маманды оқыту және тестілеу көзделген:

  • 2023 жылы – 150;
  • 2024 жылы – 200;
  • 2025 жылы – 250;
  • 2026 жылы – 300.