Халық әртісі Бибігүл Төлегенова референдумда үйден дауыс берді
Әнші Қазақстанды мен ең тұрақты республика деп атады.Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Алматының Құрметті азаматы Бибігүл Төлегенова референдумда үйден дауыс берді.
"Бүгін үлкен мереке – референдум күні. Қазақстанды мен ең тұрақты республика деп санаймын. Біздің қазіргі Президентіміз барлық күш-жігерін елдің дамуына жұмсайды деп сенемін. Жастарымыз жұмыс істеуі керек, өз күштерін мемлекеттің игілігіне жұмсаулары тиіс. Өйткені, біздің уақытымыз өтіп жатыр, ал біздің орынымызды басатындар – жастар. Қазір біз тек даму үшін ғана емес, басқа мемлекеттермен бәсекеге түсе алатын үлкен республика мәртебесіне жету үшін де жұмыс істеуге тиіспіз", – деді КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова.
Оқи отырыңыз: Илья Жақанов: Ұрпағымыз осы референдумның игілігін көрсе екен