Грузияда "ЛГБТ насихатына" және жынысын өзгертуге тыйым салынуы мүмкін
Жаңа құжатта ел аумағында бір жынысты адамдар арасындағы интимді көріністерді көрсетуге тыйым салынады.Парламент төрағасы Шалва Папуашвили «Грузин арманы» партиясы «Отбасы құндылықтары және кәмелетке толмағандарды қорғау туралы» заң жобасын ұсынғанын жеткізді.
Ал Грузияның Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе «Үгіт-насихатта белгілі бір қауіп бар, сондықтан оны міндетті түрде заңмен реттеу керек» деп отыр.
Грузияның басқарушы партиясы Парламентке ЛГБТ қауымдастығының құқықтарын шектеуге бағытталған 19 заң жобасын енгізді. Ұсынылған шаралардың ішінде "ЛГБТ насихатына" және жынысын өзгертуге тыйым салу бар.
Бастамалар тізіміне:
- ерлер мен әйелдер одағынан басқа кез келген қатынастарды тіркеуге тыйым салу;
- бір жынысты ерлі-зайыптылардың бала асырап алуы;
- ресми құжаттарда азаматтың "гендерлік профилінен" ерекшеленетін жынысты көрсету және басқа да шектеулер кіреді.
Билік өкілдерінің айтуынша, елде адам құқығы қорғалады, тек насихатқа жол берілмейді. Жаңа заң жобасы көктемгі сессия барысында бірінші оқылымда, ал күзгі сессияда үшінші оқылымда талқыланып, қабылданады. Қазір құжаттар Құқықтық мәселелер жөніндегі комитетке жолданған.