Google қолданушы өтініші бойынша іздеу нәтижелерінен балалардың суретін өшіреді
Десе де компания суреттерді интернеттен түгелдей жойып жіберу мүмкін емес екенін ескертті.Google іздеу жүйесі бұдан былай қолданушы өтініші бойынша желіден балалардың суретін өшіріп отырады. Корпорация осылайша кәмелеттік жасқа толмағандарды сақтандырмақ. Бұл туралы IT компания өзінің блогында жазды.
"Жаңа саясатымызға сәйкес, 18 жасқа толмаған кез келген адам, сондай-ақ, олардың ата-анасы немесе қамқоршылары бірнеше қарапайым қадамды орындау арқылы іздеу нәтижелерінен суреттерді жоюды талап ете алады", – деп түсіндірді Google.
Алайда, компания суреттерді іздеу жүйесінен алып тастағанмен, оларды интернеттен толығымен жойып жіберу мүмкін еместігін алға тартты.