Геннадий Головкин Қазақстан ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып сайланды
Оған дейін бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.Астанада ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас ассамблеясының кезектен тыс отырысында Геннадий Головкин ұйының жаңа президенті болып сайланды. Ол бұл қызметті алдағы төрт жыл бойы атқарады.
"Жаңа лауазымда еліміздің атынан әрекет ету – мен үшін зор мәртебе. Маған Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетін басқаруды ұсынғанда, қазақстандық спортты дамытуға өз үлесімді қосуға мүмкіндік берсе ғана, кандидатурамды ұсынатынымды айттым. Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Өз әрекетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгенмін. Осы орайда, менің өз көзқарасым, жылдар бойы жиналған халықаралық тәжірибем барын, команда барын айтқым келеді. Ал ең бастысы және менің көптен бергі қалауым – бұл барлығын да өзімнің туған елімде жүзеге асыру", – деді Геннадий Головкин.
Бұған дейін бірқатар БАҚ оның аталған қызметке ұсынылғанын хабарлаған болатын.
Геннадий Головкин 1983 жылы Қарағандыда дүниеге келген. кәсбіи боксшы. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. IBF, WBA және IBO нұсқалары бойынша екі дүркін әлем чемпионы.
Оқи отырыңыз: Вместо Кулибаева: Головкина выдвинули на пост главы Национального олимпийского комитета Казахстана