Газада қаза болған палестиналықтардың саны 38 мыңнан асты
89 097 адам жараланды.Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза болған палестиналықтардың саны 38 664-ке дейін өсті, деп хабарлады Синхуа.
Кейінгі 24 сағат ішінде Израиль әскерилері 80 адамды өлтіріп, 216 адамды жаралады. Өткен қазанда қақтығыс басталғаннан бері қаза болғандардың жалпы саны 38 664-ке жетті, 89 097 адам жараланды.
"Әл-Кудс бригадалары" ("Исламдық жиһад" қозғалысының қарулы қанаты) мүшелері Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы Ябна босқындар лагерінде израильдік сарбаздар мен әскери көліктерді минометтен атқанын хабарлады.
Израиль қорғаныс армиясы Әл-Кудс бригадаларының шабуылына әлі түсінік берген жоқ. Дүйсенбінің басында әскерилер Газа секторы бойынша операцияларды жалғастырып жатқанын айтты. Соңғы күні Израиль әскери-әуе күштері мен Әскери-теңіз күштері анклавта "Террористік нысандарға" соққы беріп, құрлық әскерлеріне көмектесті.
Израиль 2023 жылғы 7 қазанда елдің оңтүстік аймақтарына жасалған топтың тосын шабуылына жауап ретінде Газа секторында ХАМАС-қа қарсы ауқымды шабуыл жасады. Салдарынан 1 200-ге жуық адам қаза болды, тағы 250-ден астамы кепілге алынды.