Газа секторында 3 500-ден астам бала аштықтан қайтыс болды
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан 36 439 палестиналық қаза болды.Оның ішінде кемінде 15 328 бала мен 10 171 әйел қаза болып, 82 627 адам жарақат алған, деп хабарлады Anadolu агенттігі.
Израиль шапқыншалырының балаларды аштыққа ұшырату саясатының кесірінен бес жасқа дейінгі 3 500-ден астам бала өлді.
Палестина үкіметінің Газадағы медиа кеңсесінің Telegram-аккаунтында жасалған мәлімдемеде Газада сүт пен азық-түлік тапшылығы, тағам қоспаларының жетіспеушілігі бар. Төрт апта қатарынан гуманитарлық көмектің кіруіне тосқауыл қойып жатыр” делінген.
“Қырғын соғыста 15 мың 438 бала қаза болып, 10 мыңдаған бала жараланды, 17 мыңнан астам бала ата-анасынан айырылды. Балаларға тереңдетілген психологиялық қолдау қажет. Біз Халықаралық қылмыстық сотты, барлық басқа халықаралық сотты және еркін судьяларды Израиль мен АҚШ соғыс қылмыскерлерін қудалауға шақырамыз”, – делінген Халықаралық қоғам және Біріккен Ұлттар Ұйымының үндеуінде.
Үйінділер астында мыңдаған өлгендердің денелері қалды. Аадамдар паналаған ауруханалар мен оқу орындарына шабуылдар жасалып жатыр.