Биыл Франция мектептерінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жаңа заң бойынша оқушылар білім ордасының табалдырығын аттаған бойда смартфонды өткізуге міндеттеледі.

Сонымен қатар 11 жасқа дейінгі балаларға байланыс құрылғысын пайдалануға мүлдем рұқсат етілмейді. Ал 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерге әлеуметтік желіге кіруге тыйым салу ұсынылды.

Ел үкіметі осындай эксперимент жасап көрмек. Егер қоғам оң көзқарас танытса, келер жылдың қаңтарынан бастап заң жобасын қолданысқа енгізу көзделіп отыр.