FlyArystan журналист Ләйлә Сұлтанқызының арызына қатысты мәлімдеме жасады
Бортсеріктер жарақат алған жолаушыға майлық пен суық қаңылтырлы бөтелкені ұсынған.Әуе компаниясының хабарлауынша, Астана – Шымкент КС7328 рейсінің қонуы барысында жолаушылардың ұшақтан шығуына дайындық кезінде, жолаушылардың бірінің тарапынан келесі жолаушыға көмек көрсету туралы өтініш түскен.
"Бортсеріктер жолаушыға майлық пен суық қаңылтырлы бөтелкені ұсынды. Содан кейін, процедураға сәйкес, бортта медициналық білімі бар жолаушыларды іздеу туралы хабарланды және әуе кемесінің командиріне хабар беріп, дәрігер шақыруы сұралды. Осы мезетте медициналық білімі бар жолаушылардың бірі жауап берді, сонымен қатар ұшақ баспалдағы жалғанып, қонудан кейінгі тиісті процедураларын аяқтағаннан кейін бортсеріктер әуежай қызметкерлеріне болған жай туралы жедел хабарлап, білікті медициналық қызметкерлерді сұрады. Алайда, ұшақтан түсіру кезінде жолаушы дәрігерлерді күтпестен борттан шығып кетті", – делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз: Журналист Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуе компаниясына полицияға шағым түсірді
Сондай-ақ, әуе компаниясы Ләйлә Сұлтанқызының "Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ" деген айыптауына да қатысты жауап берді:
"Айта кететін жайт, экипаж тарапынан бортта алғашқы медициналық көмек қобдишасы жоқ екендігі туралы ақпарат болған жоқ. Сондай-ақ, біздің ұшақтың бортында белгіленген стандарттарға сәйкес жабдықталған алғашқы медициналық көмек қобдишаларының үш түрі бар екенін еске салғымыз келеді. Аталған жолаушыға қатысты білікті медициналық қызметкерлерді іздеу және шақыру бойынша алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда жолаушы дәрігерлерді күтуден бас тартты".