Facebook адамдарға оқиға ортасында тұрғандай сезім сыйлайтын "метағалам" жасап жатыр
Компания басшысы Марк Цукербергтің айтуынша, "метағаламды" жасау үшін 5 жыл уақыт қажет.Facebook компаниясы "метағалам" жасау үшін бағдарламашылар командасын жинап жатыр. Бұл физикалық виртуалды және физикалық әлемді біріктіруге тырысқан онлайн-кеңістік – цифрлық әлемнің бірігуі. Өткен аптада Марк Цукерберг BBC басылымына арналған мақаласында оның негізгі тұжырымдамаларын таныстырды.
Метағалам – бұл интернетте қолданушы контентті көріп қана қоймай, оның бір бөлігіне айнала алады. Бұл алдағы 5 жылда жүзеге асады деп жоспарланып отыр.
Мұндай ортада адамдар ойнап, жұмыс істеп, бір-бірімен гарнитуралар арқылы сөйлесе алады. Facebook осылайша болашақта VR саласында көш бастауға ұмтылды.
"Веб-парақшаны 2D қосымшаларды пайдаланып қарап отырған кезде ала алмайтын әсерге бөленуіңіз қажет. Яғни мұнда адам дәл оқиғаның ортасында тұрғандай күй кешеді. Мысалы, бұл би немесе фитнес", – деп түсіндірді Марк.
Сондай-ақ, Facebook "шексіз кеңсе" жобасын дайындап жатыр. Ол қолданушыларға виртуалды әлемде жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Қазір керек екінші бір адам отырған "бөлмеге" видеочаттарға арналған Portal смарт-дисплейі және Oculus гарнитурасы арқылы қосылуға болады. Бірақ "метағалам" жобасы толықтай жүзеге асуы үшін бағдарламашылар осы кеңістіктер арасында оңай жүруге көмектесетін мүмкіндіктер орналастыруы тиіс. Құдды адам өз үйінің бір бөлмесінен екінші бөлмесіне өтіп жүргендей.
Компания Oculus гарнитурасын алу үшін 2 млрд доллар жұмсады. Цукерберг, қазіргі гарнитуралардың сапасыз екенін, болашақта оларды күні бойы жұмыс істеуге болатындай етіп жасау керектігіне тоқталды. Оның метаәлемі VR, AR, дербес компьютер, ұялы телефон, ойын консолдерімен бірге барлық платформада қолжетімді болады.
Қазір Facebook компаниясының 10 мың қызметкері AR және VR құрылғысын құрастырумен айналысып жатыр. The Information мәліметінше, бұл – шамамен компанияның бестен бір бөлігі.
Командаға Instagram вице-президенті Вишаль Шах, Facebook Gaming басшысы Вивек Шарма және Oculus жетекшісі Джейсон Рубин қосылады.