Еуразиялық интеграция институты экзитпол нәтижесін жария етті. Зерттеу аясында 200 сайлау учаскесінде 30 мың адамға сауалнама жүргізілді. Респонденттерден мәжіліс сайлауында қай партияға дауыс бергені сұралды.

Экзитпол нәтижесі:

  • Amanat – 53,25%;
  • Ауыл – 10,52%;
  • Respublica – 9,90%;
  • Ақ жол – 7,87%;
  • ҚХП – 6,25%;
  • ЖСДП – 5,31%;
  • Байтақ – 3,22%;
  • Барлығына қарсымын – 4,47%.

Сайлауда дауыс берген халықтың үлесі – 53,25%.

Сайлаушыларға ұлттық сауалнама жүргізуге тапсырыс беруші – жетекші республикалық бұқаралық ақпарат құралдары 31 арна, КТК телеарнасы, Informburo.kz және Zakon.kz порталдарының консорциумы.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр? Live


Айта кетейік, сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы.