Астана прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті орган есірткі зертханасын анықтаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде үш адам сотқа берілді. Сот тергеуі барысында сотталушының темір контейнерді жалға алғаны анықталды. Ол қала сыртынан құны 2 миллион теңге тұратын жер телімін сатып алып, контейнерді психотроптық заттар шығаратын зертхана ретінде жабдықтаған. Содан соң қылмыстық әрекетке өзінің екі сыбайласын тартқан. Тергеу барысында астыртын зертханадан алынған 24 килограмнан астам психотроптық заттар жойылды.

Сот Астананың үш тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі деп таныды. Олар 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.