Есбол Сұлтанов таеквондодан Қазақстан құрамасына бас бапкер болып тағайындалды
Олимпиада ойындарында Тунис елінің ұлттық құрамасын басқарып, екі медаль жеңіп алған бапкер Есбол Сұлтанов енді таеквондодан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасын жаттықтырады. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
"Бұл қадам – еліміздің таеквондо спортын жаңа белестерге көтеріп, халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жету жолындағы маңызды қадамы. Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен Тунис құрамасы Олимпиада ойындарында бір алтын, бір күміс медальға ие болып, жалпы есепте төртінші орыннан көрінді! Бұл оның жоғары деңгейдегі тәжірибесі мен жаттықтырушы ретінде шеберлігінің айқын дәлелі", – делінген федерацияның хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Таеквондодан Туниске алтын әперген Есбол Сұлтанов өзін Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне ұсынды
Еске салайық, Дүниежүзілік Таеквондо федерациясы Есбол Сұлтановты 2024 жылдың "Үздік бапкері" ретінде жариялады. Сондай-ақ, Қазақстан республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Есбол Сұлтановтың жетістіктерін атап өтіп, бапкерлерге жан-жақты қолдау көрсету шараларын қолға алу керектігін айтқан болатын.
Информбюро порталының Есбол Сұлтановпен сұхбатын осы жерден оқи аласыздар.
Оқи отырыңыз: Қазақ бапкер неге Тунисте чемпиондар тәрбиелеп жүр? Жаттықтырушы Есбол Сұлтановпен сұхбат