Ерлан Саиров: Террорист, экстремист, тонаушы, тәртіп бұзушылардың ара-жігін ашу маңызды
Мәжіліс депутатының айтуынша, стресс кезінде адамдар эмоциямен көптеген сөз айтып тастауы мүмкін.Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстандағы "қаңтар оқиғасына", оған қатысқан азаматтарға байланысты нақты құқықтық, қоғамдық позиция болу керектігін айтты.
"Аталған оқиғаларға құқықтық баға бергенде, террористтердің, экстремисттердің, тонаушылардың, жәй тәртіп бұзушылардың ара жігін ашу өте маңызды! Террористтер мен экстремисттерге, мемлекеттік ғимараттарға қарумен шабуыл жасаған, құқық қорғау органдарына оқ атқан шетелден келген қылмыстық элементтерге ешқандай аяу болмау керек. Бұларды заңның ең қатал баптарымен соттау керек. Мемлекетке қару алып қарсы шығу – қылмыстың ең жоғарғы дәрежесі", – деді Мәжіліс депутаты.
Оқи отырыңыз: Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы облысында бүтін бір отбасы оққа ұшқан
Алайда ол бейбіт митингіге шыққан, әлеуметтік, қоғамдық талап-тілектер қойған азаматтардың іс-қимылына құқықтық баға бергенде, олардың өте сақ болу, олардың қадамдарын сол кездегі эмоциялық жағдайына байланысты қарастыру қажеттігін айтты.
"Адамдардың сол кездегі эмоциялық сөздерінепсихологиялық тұрғыдан қараған жөн. Ең бастысы, олардың іс-қимылдарында қылмыстық элемент болмауы тиіс. "Айтаққа көнген" адамдар да көпшілік болуы ықтимал. Стресс кезінде, эмоциямен адамдар көптеген сөз айтып тастауы ықтимал. Олардың "шын көңілден өкіну" фактілеріне де назар аударған жөн", – деді Ерлан Саиров.