"Көкшетау" ұлттық паркінде сарғылт кестежуан күзде қайта гүлдеді. Жыл сайын ол сәуір-мамыр айларында бір рет гүлдейтін, деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті. 

Ғалымдар кестежуанның бір жылда екі рет гүлдеуін ауа райының жайлы болуымен байланыстырып отыр. 

"Биыл тамызда жаңбыр, қыркүйекте шуақты күндер көп болғандықтан, "Көкшетау" ұлттық паркі "Орманды бұлақ" филиалының аумағында ерекше құбылыс болды. Дәлірек сарғылт кестежуан екінші рет – күзде қайта гүлдеді. Бұған дейін тек сәуір және мамыр айларында гүлдейтін", – деді комитет өкілдері. 


Оқи отырыңыз: Ертіс орманындағы ғылыми зерттеуден кейін 81 дәрілік шөп анықталды


Сарғылт кестежусан сарғалдақ тұқымдастарына жатады. Көпжылдық гүлді өсімдік Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген.