Энергетикалық сусындарға қатысты ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің үкімі қандай
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі энергетикалық сусындарға қатысты өз үкімін шығарды.
"Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, тағы сол секілді) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс", – делінген ҚМДБ хабарламасында.
Ғұламалар кеңесі энергетикалық сусындарды алкогольды және алкогольсыз түрлеріне қарай таразылаған және соған орай шешім шығарған:
- Сусынның құрамында шариғатта тыйым салынған нәрселер болмаса, оны қолдануға рұқсат.
- Алкогольды энергетикалық сусындарды ішу – харам.
- Энергетикалық сусындарды жиі қолданудың ағзаға қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған болса, оны қолдануға тыйым салынады.
Оқи отырыңыз:
- Энергетик сусынға тыйым: Оны оқушылардың 12 пайызы күн сайын ішеді
- Қазақстанда әрбір оныншы адамның бүйрегі ауырады. Бұған энергетик пен газды сусындардың қандай қатысы бар
- Дәрігер: Энергетиктер семіздікке шалдықтырып, жүрек тоқтауына алып келеді
Еске салайық, биылғы шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салатын заңға қол қойды.
Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.