Енді жұмыстан тыс уақытта қызметкерлерін мазалаған басшылар жазаланады
Австралия мұндай заңды қабылдап жатқан алғашқы ел емес.Енді жұмыстан тыс уақытта қызметкерлерін мазалаған басшылар жазаланатын болады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Осылайша Австралия билігі азаматтардың жеке құқықтарын қорғау мақсатында келісімшартта көрсетілген уақыттан кейін жұмыстан шалынған қоңырау мен электрон құжаттарды елеусіз қалдыруға болатыны жайында жаңа заңды қабылдады.
Мұндай бастаманы көтерген елдегі лейбористік партия мамандары қызметкерлердің басым бөлігі аптасына 4-5 сағат еңбек ақысыз жұмыс істеуге мәжбүр дейді.
Ал 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтардың аптасына 4-7 сағат тегін жұмыс істейтінін анықтаған.
Енді заңға бағынбаған басшылар 63 мың АҚШ долларынан астам айыппұл арқалауы мүмкін. Австралия мұндай заңды қабылдап жатқан алғашқы ел емес.
Осыған дейін Германия, Италия, Канада және Франция елдері азаматтардың құқығын қорғау мақсатында дәл осындай заң қабылдаған болатын.