Бұрын бұл төлемдерді "зардап шегушінің куәлігі" бар азаматтар ғана алатын. Қазіргі уақытта ұжымдық шарттар қолданылатын ұйымдардың қызметкерлері туған жылына қарамастан экологиялық жеңілдіктер алуға үміткер бола алады, деп хабарлайды ШҚО ақпараттандыру орталығы. 

Бұрын мұндай төлемді "зардап шегушінің куәлігі бар" азаматтар ғана алатын.

"Қазір ШҚО әкімдігі, облыстық кәсіподақтар бірлестігі мен жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған келісімге сәйкес, экологиялық жеңілдіктер Шығыс Қазақстанның барлық тумасына туған жылы мен "зардап шегуші куәлігінсіз" беріледі. Алайда бұл үшін жұмыс берушілер ұжымдық шарттарға ұйымның барлық қызметкеріне қолданылатын өзгерістерді тіркеуге міндетті", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Ең төмен зейнетақы мен күнкөріс деңгейі: Қазақстанда тағы қандай көрсеткіштер өседі?


Өңірде 11 мың ұжымдық шарт жасалған. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 72 пайызын қамтиды.

Ұжымдық шарттары жоқ кәсіпорындарда экологиялық жеңілдіктер экологиялық куәлік бойынша төленетін болады.